Сұрақ жауап

В этом разделе можете задать вопрос профессиональным теологам.

Часто задаваемые вопросы и ответы на них:

Дін және Қоғам - 20 СҰРАҚ ЖӘНЕ ЖАУАП

Дін және дәстүр – 20 СҰРАҚ ПЕН ЖАУАП

Пікірлер  

 
+1 #14 Кульпан 13.12.2015 15:59
Дәйек сөз:
Оқушыларға арналған дінтану пәнінен оқу-әдістемелік құралдарын қайдан алауға болады?
Сәлеметсізбе Кульпан!
Оқу-әдістемелік құралдарды Дін істері басқармасынан және Аңсар ақпараттық талдау орталығынан келіп алуыңызға болады!
Дәйек алу
 
 
+1 #13 Гулжайна 13.10.2015 13:10
Дәйек сөз:
Cәлеметсізбе... Менің анам ауруханада операция жасатып еді. Оның дәрет алуға шамасы жетпейді, төсекте жатыр? Намаз қалай окуға болады?
Жауап:
Сәлеметсізбе Гулжайна!

Науқас кісіге намаз үшін сумен тазалану қиындық тудырса не зиян келтірсе, дәретсіздіктен таяммум арқылы тазаданады.
Адам баласының барлық жағдайын қамқорлығына алған шариғат нормалары оның ауырған кездегі жағдайын да ескеріп, намазды шамасы келетін бейнеде атқаруына жеңілдік жасаған. Жолаушының, науқастың, жауынгердің мойындарынан намаздың түспеу себебі - адам баласы қандай жағдай болмасын, Раббысының қамқорлығына, рақымына, берекесіне, сәттілігіне, шипасына, қолдауына дайым мұқтаждық танытады. Осы мұқтаждықты құлдың мойындауы бес уақыт намазы арқылы расталады. Намаздың үзілмеуі - Алламен байланыстың үзілмеуі.
Фиқһ ілімінде науқас кісінің түрлері намаздың қиям, қирағат, рүкүғ, сәжде, отырыс секілді ішкі парыздарының біреуіне, не кейбіріне, не барлығына шамасы келмейтін науқастар деген категорияларға бөлініп қарастырылады. Олар төмендегідей:
Бірінші, намаздың қиямына шамасы келмейтін науқастың намазы.
1. Қиямға мүлде тұра алмаса не тұруы қиындық келтірсе немесе білікті дәрігердің нұсқауымен түрегеп тұруы зиян көрілсе, намазды отырып оқиды. Рүкүғ пен сәждені отырып жасайды. Ибн Бурайдадан:
"Имраан ибн Хусайн: "Мен көтеумен ауырған едім. Бұндай жағдайдағы намаз бейнесі жайында Пайғамбардан (с.ғ.с) сұрадым. Ол: "Намазды тұрып оқы! Егер шамаң келмесе, отырып оқы! Оған да шамаң келмесе, жамбасыңа жатып оқы!" - деді деп айтқан. ("Сахих әл-Бухари": 2/48)
2. Қиямда сәл тұруы ауырлық түсірмесе, тахрим тәкбірі мен бір аят оқыса да тұрып оқығаны дұрыс.
3. Отырып оқуы үзірінің шықпауына пайдалы болып, түрегеп оқуы керісінше зиян тигізсе, отырып оқуына болады. Сол секілді ишарамен оқуы үзіріне пайдалы болып, сәжде жасауы зиян тигізсе, ишарамен оқиды.
4. Намазға тұрғанда денесі сау болып, кейін бір жері ауырып шамасы келмей қалса, отырып жалғастырса болады.

Екінші, рүкүғ пен сәжде жасауға шамасы келмейтін науқастың намазы.
Қиямға шамасы келе тұра, рүкүғ пен сәждені орындауға қиналған кісі намазын бір нәрсеге сүйеніп болса да отырып оқиды. Рүкүғ пен сәждені ишарамен орындайды. Сәжде ишарасы рүкүғ ишарасынан төмендеу жасалады, бір деңгейде болмауы шарт, әйтпесе намаз жарамсыз саналады. Жәбир:
"Пайғамбар (с.ғ.с) науқас кісінің көңілін сұрауға барып, оның сәждені бөстекке жасап намаз оқып жатқанын көрді. Алла елшісі (с.ғ.с) бөстекті әрі алды да: "Шамаң келсе, сәждені жерге жаса. Егер шамаң келмесе, ишарамен орында және сәжде ишарасын рүкүғ ишарасынан төменірек қыл!" - деп айтқанын жеткізген". (әл-Байһаөи. "ас-Сунан әл-Кубро": 2/306)

Үшінші, сәжде жасауға шамасы келмейтін науқастың намазы.
Ішкі парыздардың ішінде тек сәждені атқаруға шамасы келмеген кісі рүкүғ пен сәждені ишарамен орындайды. Сәждені жерге жасай алмаған кісі бір нәрсені маңдайына көтеріп тигізуі шариғатта негізсіз саналады. Олай істеу дұрыс емес. Ибн Омар Пайғамбардың (с.ғ.с):
"Сәжде жасауға шамасы келген кісі сәжде жасасын! Ал шамасы келмеген кісі сәжде орнына бір нәрсені маңдайына көтермесін! Алайда рүкүғі мен сәждесін бас ишарасымен орындасын!" - дегенін жеткізген. (ат-Табарани. "әл-Муғжам әл-Әусат": 7/135)
Маңдайы не мұрны жараланған кісі сәжденің дұрыстығы үшін ол екеуін жерге тигізуі шарт емес, жарасы жазылғанша ишарамен орындайды.

Төртінші, отыруға шамасы келмейтін науқастың намазы.
Отыруға шамасы келмейтін кісі намазды бір нәрсеге сүйеніп отырып оқиды. Бұған шамасы келмесе, арқасына не оң жамбасына, бұл ауыр болса, сол жамбасына жантайып намаздың ішкі парыздарын ишарамен орындайды. Ең абзалы - шалқалап жатып оқу. Өйткені бұл қалып - намазды құбылаға бағытталып оқуға әбден қолайлы. Сондай-ақ, басының астына жастық қоюы ишара жасауына ыңғайлы болады. Әли Пайғамбардың (с.ғ.с):
"Науқас шамасы келгенше намазды тұрып оқиды. Егер бұған шамасы келмесе, отырып орындайды. Сәждені орындауға шамасы келмесе, ишара жасап, сәжде ишарасын рүкүғ ишарасынан төменірек қылады. Отырып оқуға шамасы келмесе, құбылаға бағытталған күңде оң жамбасына жатып оқиды. Оң жамбасына жатып оқуға шамасы келмесе, екі аяғы құбылаға бағытталған қалыпта шалқасынан жатып оқиды", - дегенін жеткізген. ("Сунан ад-Дарақутный": 2/42)
Негізінен, намазды шалқасынан жатып оқыған науқас кісі екі аяғын құбылаға созбай, тізелерін көтеріп ұстағаны абзал.
Алла тағала барша мұсылмандардың арасындағы ауруға шалдыққан жандарға Өзінің шипасын нәсіп етсін!
Дәйек алу
 
 
-1 #12 Асылхан 07.10.2015 07:53
Дәйек сөз:
Ассаламуалейкум уа рохматуллахи сіздерден сұрағым бар еді. Мен 3-інші топтағы мүгедекпін. Екі аяғым ауырады барынша жасырын болғанын қалаймын өтінем. Бұл жайлы айту уятта болар бірақ кімнен сұрарымды білмеймін. Неден бастасам екен. Ұйқыда жатқанда қараптан-қарап түннің бір уақытында сілкініп тұратын болып жүрмін. Бір түнде бірнеше рет қайталынады. Таң намазының алдында тұра алмай бастырылып қиналатын кездерімде болады. Бастырылғанда айңаламда не болып жатқаның бәрін білемін. Тіпті, будильниктің даусын естіп жатам, бірақ тұра алмай қиналам! Бұл жайлы бір-екі намазхан бауырлардан сұрағанымда жатар алдында "ықлас, фалақ, нас" сүрелерін оқып дем салып жат дейді. Олай істеп көрдім. Соңғы кездері дем салып жатсамда бастырылып қаламын. Немесе шошынып тұрамын. Өз-өзімнен ұйқыдан сілкініп тұрамын. Ең сорақысын айтуға да ыңғайсызданамын. Түсімде біреулер ер адамдар мені артымнан келіп зорлап (жыныстық қатынасқа(кешірім өтінем) қинап) жатқандарын көрем және маған ол сезіліп жатады. Ұйқыдан оянғанда артқы жағым ауырып тұрады. Соңғы кездері Құранды тыңдай алмайтын болып жүрмін. Бауырлардың айтатыны таджуид білмесенде mp3 құра тыңдап жүр дейді. Құран тыңдасам басым қысып ауырады Неге екенін білмеймін. Ішімде жын барма депте ойлап коямын. Жүріс-тұрысым бәрі жақсы бірақ жүргенде ойға беріліп кетсем жүгіріп кетем. Оған уйдегілер жүгірме аяғың ауырады деп ұрысады. . Бірақ оны өзімде байқамай қаламын. Ауылда мешітте жоқ. Мешітке барып иман күшейтетін. Мешіт аудан орталығында ғана бар. Оған баратын ауылдан авто көліктер таңертен уақытта бірақ мезгіл қатынайды. Қала бізге алыс. Сіздерден көмек сұраймын не істесем болады? Ішімде жын болса өз еркіммен шығара аламба? Ассаламуалейкум уа рохматуллааахи уа барокатуху
Жауап:

Уағалейкум салам уа рохматуЛлаһи уа барокатуһу!
Кейде адам ұйқы мен ояу арасында бастырылып, қимылдауға шамасы келмей, бейне бір күш тырп еткізбей байлап тастағандай күй кешеді. Мұны қазақ тілінде «қара басу» десе, түрік тілінде «karabasan», арап тілінде «кабус (كابوس)» немесе «жәсум (جَاثُومٌ)» деп атайды. Кейбір болжамдарға қарасақ, қара басуды – жын басу деп түсіндірген. Әсіресе, денесінде электрмагниті көп кездесетін кісілерде жиі болатын құбылыс. Өйткені жын көбіне электрмагниті көп адамдарға жақын жүреді. Ал медицина мұны «ұйқы кезіндегі сал» деп атайды. Адам миы кенеттен оянып кеткенімен, дене параличі бірнеше минут бойы жалғасады. Яғни, адам миы ояу болғанымен, денесі әлі ұйқы кезеңінде. Дененің қозғала алмай қалуы бірнеше секундтан бірнеше минутқа дейін жалғасады. Алайда оны бастан өткерген адам үшін ол бірнеше минут емес, одан әлдеқайда көп уақыт болып көрінеді.
Бауырым сендегі болып жүрген жағдай бірнеше себепті болатын іс-әрекет. Әрине, ашып айтқан дұрыс жындардың іс-әрекеті. Әдетте дуаланған адам дуа қатты әсер етіп жатса ұйықтап жатып бастырылады да түсінде жаман қорқынышты бейнелер көреді. Жалпы жын кірген адамның түсі мен өніңдегі белгілері бар. Түсіндегі белгілер мыналар: ешбір себепсіз ұйықтамайды, түсінде қорқынышты әрі қара адамдарды көреді, немесе жоғарғы жақтан құлап жатады. Жылайды, күледі, айқайлайды. Қабірде, қоқысты жерде, лас, нәжіс жерде жүреді. Хайуандарды (мысық, ит, түлкі, арыстан, жылан, шаян, тышқан, өрмекшілерді) сол сияқты шіркеу, қоңырауларды көреді. Түнде ұйқы сұранып тұрып кетеді. Белгілері: бас ауру, анық сөйлемеу, үйін, әйелін, бала-шағасын, өзін, туысқандарын жек көріп кетуі белгілері. Құран мен азан естігенде қиналады, музыканы тығдағанда рахаттанады. Ішімдікке құмарланады, әдеттен тыс істерді істеп қатты ащуға беріледі. Адамдардан жекеленеді. Дәретханада ұзақ отырады. Көзіне елес, жылан тәрізді хайуандарды көрінеді. Егер осындай белгілері болса білімді имамға барып дем салдырту қажет. Иә, жын адамға зиян тигізуі мүмкін. Құран Кәрімде: «Ақиқатында, оның (шайтанның) билігі оны өзіне дос, қамқоршы тұтатындарға және онымен серік қосатындарға ғана жүреді», - дегендей жын өзін мазалаған адамға жамандық етеді. Мәселен, кірдің суын немесе ыстық суды есік алдына немес¬е көшеге төге салу, айдалада ұйықтап қалу, күл-қоқысты басу, елсіз жерде түнделетіп жүру, малдың сүйегін тебу, үнемі күнә жасап жүру және сиқырланып қалу сияқты себептермен жын тиюі мүмкін. Қазақтың «күл баспа», «кірдің суын жол¬ға төкпе», «түнде жүргенде «бісміллә» деп айтып¬ жүр», «шошынып қалсаң «бісміллә де» деге¬н сияқты сөздер айтуының сыры да осында жатыр.
Жалпы, шариғат заңдылығында адамның таза киінуіне, жүруіне, таза тағамдарды пайдалануына аса қатты мән беріледі. Сондықтан қандай жағдай болмасын, тура бағыттан таймай, Хақ жолынан бұрылмаған абзал. Ал шариғаттың заңдылығын сақ¬тағандарға жын-шайтанның жола¬майтыны белгілі.Олардың да жаратылудағы мақсаты Аллаға құлшылық қылу. Құранда Зарият сүресінде: «Мен жындар мен адамдарды Өзіме құлшылық қылулары үшін жараттым» - дейді Аллаһ. Олар бала сияқты, ақылдары аз. Олардан қорыққан сайын олар күшейе береді. Сондықтан да қорықпау керек екен. Түнде бастырылып қалмау үшін, үнемі дәретпен жүру шарт. Намаз оқу міндетті. Лә иләһә иллаллаһ, Мұхаммадәр расулуллаһ деген сөзді үнемі айтып жүрген жақсы. Тағы бір керекті мәселені айтып өтейін. Жыныстық қатынасқа түсіп жүргендерде олар жын. Жынның адамға ғашық болуы. Аллаһу тағала адам мен жынның үйленуіне рұқсат бермегенімен адамдар өзара зина мен күнә жасайтыны іспетті жындар да адамдарға ғашық болып, тиісіп, махаббаттарын білдіріп жатады. Негізі, адамдарға қарағанда жындардың қыздары сұлу келеді. Мұсылман жындар адамдарға көп тиіспейді. Бірақ өзге жындар адамдарға әсіресе реңді қыздарға көп тиіседі. Еркектерге ғашық болуы азда болса кездеседі. Таза жүрмегендіктен осындай бәлеге ұшырап жатады. Олар әуелі ғашықтарына түсінде тиісе бастайды. Тиіскенде кәдімгідей құшақтап, сипалап, аймалап тіпті төсек қатынасында болады. Әдетте жындар адамдар жүре бермейтін сай-сала мен үңгірлерді, тастанды ғимараттарды, ескі қабірлердің басын ыпылас жерлерді және кішкентай шұңқырларды мекендейді. Адамдармен бірге тұратындары өте аз кездеседі. Сондықтан далаға шыққанда Пайғамбар (ﺻﻠﻰ ﺍﻟﻠﻪ ﻋﻠﻴﻪ ﻭ ﺳﻠﻢ) үйреткендей олардан сақтанатын дұғаларды айтып шығу ләзім. Дәретке шыққанда тесіктерге, шұңқырларға дәрет бармаңдар. Сондай-ақ, ескі сүйек-саяқ пен төрт-түлік малдық нәжістерге мүмкін болса жоламаңдар, олардан Аллаһ жындарға қалдықтардан жейтұғын несібе жаратқан. Әрине, бұлардан да оқытылып құтылатын жолдары бар. Олай болса жүрген-тұрғанда Алланы еске алып, оған сақтай көр деп сиынып жүруді ұмытпағайсың! Таза журмегеннен, күнәлі істерді біле тұра жасай бергеннен де осындай жағдайға адам баласы душар болады. Мүмкін, сол себепті шығар, жер бетiндегi адамдардың кемiнде 20-40 пайызы ұйқы кезiндегi сал күйiн бiрнеше мәрте бастан өткередi. Әр адам мұның себебiн әрқилы түсiндiредi. Дегенмен мұндай күйден шығудың жолдары бiр: алдымен Аллаға сиынып, үйдi тазарту. Сонан кейiн түн iшiнде осындай жағдай қайталанса, бас бармақты, көздi не тiлдi қимылдату. Кейбiреулер мұрын арқылы дыбыс шығару көмектеседi десе, ендi бiрi керiсiнше, қозғалмай дененi бос ұстау сол күйден шығарады деп есеп¬тейдi. Жынның адамға қалай жұғыс¬қанын былай байқауға болады екен: ешбір себепсіз үнемі бас ауру, аяқ-қолдың ұйығанын білу. Аллаһ Тағаланы зікір еткенде, Құран оқығанда іштей қарсылық сезіну¬. Құранды тыңдағанда бас ауруын сезіну немесе дене-мүшелері еріксіз қимылдауы, жынның науқа¬с тілімен сөйлей бастауы, беймаза түстер көруі және ұйқыда бейне бір құлап бара жатқандай әсерде қалу.
Төмендегі хадис шәрифтерде білдірілген дұғаларды оқу керек:
Пайғамбарымыз (ﺻﻠﻰ ﺍﻟﻠﻪ ﻋﻠﻴﻪ ﻭ ﺳﻠﻢ) әр күнi кешкiлiк жатар алдында "Ықылас", "Фалак", "Нас" сүрелерiн окып, екi колын ашып, құрғақ түкiрiп және оны бүкiл денесiне дем салу ретінде сипап шығатын болган. Және 33рет "Субханал-лаh", 33рет "Ал-хамдулиллаh ", 33рет "Аллаhу Акбар" деп зикр айтып ,содан соң оң жағымызбен жату қажет. Осылайша атқарып жататын болсақ, ин ша Аллах түрлі жамандық жуымайды. Хадисте айтылған: "Пайғамбарымызғ а қызы Фатима мен куйеу баласы Али (р.а) келiп, бiр қызметші сұраған екен. Сонда оларға Пайғамбарымыз: " Сендерге сұрағандарыңызд анда жақсырағын айтайын ба? Ұйқыға жатарда 33рет "Субханал-лаh", 33рет "Ал-хамдулиллаh ", 33рет "Аллаhу Акбар" деп айтсаңдар, бұл сіздерге қызметшіденде жақсы",-деген екен... Одан кейін үш рет «Әстағфируллаһә л азыйм әлләзи лә иләһә иллә һу» оқып, үшіншісіне «Әл хаййул қаййума уә әтубу иләйһ» деп қосу керек. Одан кейін он рет «Лә хаула уә лә қууата иллә билләһ» оқып, оныншысына «..һил алийил азыйм әлләзи лә иләһә иллә һу» деп қосу керек.

“Бисмилләһилләзи лә йәдурру мә’асмихи шәй ун фил әрди уә лә фиссама’и уә хуәссәми’ул
алим” дұғасын азанда 3 рет оқыған адамға кешке дейін, кешке оқығанға азанға дейін
ешқандай бәле келмейді.»
(ИбнМажа)
“Әузу бикәлимәтил-ләһ ит-таммәти мин шәрри мә халәқа” дұғасын оқыған адамға, сол жерден
кеткенге дейін ешнәрсе зиян бере алмайды.»
(Мүслим)
Аяттарды қырық күннен астам оқу керек және әрдайым өзімен бірге алып жүру керек.
Білікті дәрігердің кеңесіне жүгініп, қажетті дәрілерді қабылдау да пайдалы.
Аллаһ сізді ді, бізді де күллі жамандық, пәлекеттерден, ауру-сырқаудан сақтасын! Аллаһтан осы дүние де, әрі ахиретте амандық сұраймыз! Әмин! Уағалейкум салам уа рохматуЛлаһи уа барокатуһу!!!
Дәйек алу
 
 
0 #11 Бақыт 02.09.2015 12:06
Дәйек сөз:
Ассалаумағалейком. Құптан намазының уақыты қандай шариғатымыздағы?
Жауап:
Құптанның әуелгі уақыты - шапақ жоғалған кез. Әбу Масғуд әл-Ансари Алла елшісі (с.ғ.с) оқыған намаз уақыттарын баяндаған хадисінің бір бөлігінде:
"Құптанды көкжиек қарайғанда оқушы еді", - деген. ("Сунан Әби Дәуд": 1/152)

Мубах үкіміндегі соңғы уақыты - түн жарымға дейін. Абдулла ибн Амру ибн әл-Ааас Алла елшісі (с.ғ.с):
"Құптан уақыты - түн жарымға дейін", - деген еді.

Түн жарым дегеніміз - күннің бату уақыты мен таң ату уақыты аралығындағы сағат санының тең ортасы.

Мустахаб үкіміндегі соңғы уақыты - түннің үштен бір бөлігіне дейін.

Алла тағала құлшылық-ғибада ттарыңызды қабыл етсін!
Дәйек алу
 
 
0 #10 Жолдас 02.09.2015 11:42
Дәйек сөз:
Әссәләмуғаләйкум? құрамында спирті бар әтір себуге болама? намазға кедергісі барма?
Жауап:
Уағалейкум ассалам уа рахматуллаһи уа баракатуһу! Әбу Ханифа мен Әбу Юсуфтің (р.а.) сөзіне қарағанда мас қылатын ішімдіктерді ішуге тыйым салынғанымен, денеге немесе киімге тиіп кетсе, намазға кедергісі жоқ». Ханафи мәзһабының ғұламасы Мухаммад Захид әл-Кәусәри (1879-1951ж) туысына жолдаған хатында Әбу Ханифа мен Әбу Юсуфтің осы қағидаларына сүйене отырып былай дейді: «спирт» Әбу Ханифа (р.а.) бойынша «нәжіс» емес. Имам Ағзамның осы сөзі көп жерде тығырықтан шығарады. Спирттің әтірге қосылып, киімге себілуі намазға кедергі тудырмайды». Бірақ спирті бар әтір сепкеннен соң дереу намаз оқымай оның ұшып кетуін күткен немесе мұстахаб үшін дәретті жаңартып алған абзал болады.
Дәйек алу
 
 
+1 #9 Arman 13.08.2015 10:59
Дәйек сөз:
Ассалаумағалейком.

Ер мен әйелдің намазында айырмашылықтар бар ма?
Жауап:
Ассәләму ғәләйкүм уа рахматуЛлаһи уа баракатуһу!

Ер кісілер намазды бастап тәкбір айтқан кезде, қолдарын құлақтарының тұсына әкеліп, бас бармақ құлақтың жұмсағына тиіп, алақандар қыбылаға қаратылу керек, ал саусақтар кәдімгі қалпымен (бір-біріне қатты жабыспай, не қатты ажыратылмай) болу керек. Осылай хәнәфи мәзһабының фиқхы («әл-Маусуъа әл-Фиқхия» 20 том, 85 бет) еңбегінде жазылған.
فذهب الحنفية إلى أنه يرفع يديه حذاء أذنيه حتى يحاذي بإبهاميه شحمتي أذنيه، وبرءوس الأصابع فروع أذنيه، ويستقبل ببطون كفيه القبلة، وينشر أصابعه ويرفعهما، فإذا استقرتا في موضع محاذاة الإبهامين شحمتي الأذنين يكبر؛ فالرفع يكون قبل التكبير... ولو رفع المصلي يديه فإنه لا يضم أصابعه كل الضم، ولا يفرج كل التفريج بل يتركها على ما كانت عليه بين الضم والتفريج

Әйелдерге келетін болсақ, намазды бастап тәкбір айтқан кезде қолдарын ерлер сияқты құлақтарына емес, иықтарының тұсына алып келу керек. Бұл төрт мәзһаб өкілдерінің бірауыздан айтқан пікірі («әл-Маусуъа әл-Фиқхия» 20 том, 85 бет) болып табылады.
أما المرأة فإنها ترفع يديها حذاء المنكبين

Ер мен әйелдің намазының бір-бірінен айырмашылығы жоқ деген пікір қате болып табылады, және бұндай көзқарас хадистерді жетік білмегеннен болып жатады.
Құран оқып, зікір етіп немесе дұға жасауда (сөзбен айтылатын әрекеттерде) ер мен әйелдің еш айырмашылығы жоқ. Алайда намаздың қимылдарына қатысты жағдайға келетін болсақ айырмашылықтар бар. Ақыл-ойға салатын болсақ, қоғамда өзін-өзі сыйлайтын әйел адамның жүрісі, тұрысы, қимыл-қозғалысы ерекшеленеді, бұл ер адамдарға да қатысты, сол сияқты намазда да бұлардың арасында ерекшеліктер болады.

Алла елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) және оның сахабалары, ер кісі мен әйел адамның намаздары жайында айтып, әйел адамның намаздағы қимыл-қозғалысы ұстамды және жинақы болуы керек деген пікірде болған, бұл жайында Имам Байхақы былай деп жазады:
وجماع ما يفارق المرأة فيه الرجل من أحكام الصلاة راجع إلى الستر، وهو أنها مأمورة بكل ما كان أستر لها
«Намазда әйел адамның ер адамнан айырмашылығы «сәтр» (көзден таса жасырыну) қағидасына сәйкес болуы керек. Демек, әйел адам намаз қимылдарын орындаған кезде өзгелерге неғұрлым көрінбей, білдіртпей намаз оқуы керек» (Сунән әл-Кубра имам Байхақы).
Хәнафилық фиқх еңбектеріндегі намаздағы ер мен әйелдің кейбір айырмашылықтары төменде көрсетілген:

1. Намаздың барлық қимыл-қозғалыст арында, соның ішінде қыйәм, рукуғ, сәжде және тәшәхұдта отырғанда әйел адам ұстамды және жинақы болуы керек.

2.Намазды бастаған кезде әйел адам қолдарын құлақтарына дейін емес, тек иықтарының тұсына дейін алып келеді. Имам Ахмед ибн Ханбал да әйел адам қолдарын сәл ғана көтеру керек деген, ал кейбір деректер бойынша тіпті қолдарын көтермеу керек деп айтқан.

3. Қыйәмда тұрған кезде әйел адам қолдарын кеудесіне қоюы керек. Бұл іс-әрекетті бірнеше әдіспен орындауға болады – оң қолмен сол білезікті ұстап немесе оң қолды сол қолдың үстіне қою арқылы.

4. Ер кісілерден қарағанда, рукуғта әйел адам қолдарын сыртына емес, ішіне қарай қою керек. Сонымен қатар, қолдарын тізесіне қойған кезде, саусақтарының арасы ашылмай, жиналып тұру керек. Кейбір хәнафилық фиқх еңбектерінде, әйел адам тізесі мен арқасын сәл бүгу керек делінеді.

5. Сәждеде әйел адамның кеудесі санына және,шынтақтард енесіне тығыз орналасады (жерге тиіп тұрады), ер адамдар болса, сандарын ішіне тигізбей ұстайды, және шынтақтар денесінен біршама алшақ орналасып, жерге тимеуі керек.
6. Тәшәхұдта ерлер сол аяқтарын бүгіп, оң аяқтарының саусақтарының ұшына сүйенеді. Әйел адамдар болса, сол жанбасқа отырып, аяқтарын оң жаққа жинақтайды.

Алла тағала жақсырақ біледі
Дәйек алу
 
 
+1 #8 Ерасыл 03.08.2015 05:46
Дәйек сөз:
Ассалау магаллейкум...! Имамның намаздан кейін жамағатпен тәспі тартып, Құран оқуына қандай дәлел бар?
Жауап:
Уагаллейкум ассалам... Жалпы парыз намаздардан кейін зікір айтып, дұға жасау – сүннет. Алла елшісінің (с.а.у.) бұған қатысты сахих хадистері жеткілікті. Мысалы, Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен Муслимдегі риуаятта Алла елшісі былай дейді: «Кімде-кім әрбір намаздан кейін 33 рет «сұбханаллаһ», 33 рет «Алхамдулиллаһ» , 33 рет «Аллаһу әкбар» десе, бәрін қосқанда тоқсан тоғыз болады, ал жүзіншісінде..
Дәйек алу
 
 
+1 #7 Berik 03.08.2015 05:24
Дәйек сөз:
Менің сұрағым тырнақты алатын белгілі бір күн немесе белгілі уақыт бар ма?
Жауап:
Тырнақты аптаның қай күні алам десеңіз де, өз еркіңіз. Бірақ жұма күні намазға дейінгі уақыт ішінде тырнақ алуды әдетке айналдыру – мұстахаб (ұнамды). Олай болған себебі, хадисші Бәйһақи кітабында Пайғамбарымызды ң (с.ғ.с) жұма күні намаздан бұрын тырнағын алып, мұртын қысқартатындығы айтылады[1].
Ал, сіз сұрап отырған «тырнақты белгілі бір күні алу» жайында мынадай риуаят бар. Айша анамыздан келген бір риуаятта: «Кім жұма күні тырнағын алатын болса, келесі жұмаға дейін және оған қосып тағы үш күн Алла оны бәле-жаладан сақтайды»,[2]– делінген.
Тырнақты қанша күнде алып тұру керек дейтін болсаңыз, абзалы – аптасына бір рет алып тұру. Ал, қырық күннен асса – харамға жақын мәкрүһ[3]. Олай болған себебі, Сахаба Әнәс: «Мұртты қысқартуды, тырнақ алуды, қолтық түгін жұлып, әурет түгін қыруды қырық күннен асырмауды бұйырды»[4] – деген.
Өскен тырнақ жеке гигиенаға қайшы келеді. Ол арқылы адам ағзасына түрлі микробтардың түсуі мүмкін. Осыны ескерген ардақты Пайғамбарымыз тырнақ өсіруді құптамаған. Бұған байланысты Әбу Әйюб әл-Әзди былай дейді: «Пайғамбарымызғ а бір кісі келіп көктен келетін хабарды сұрады. Сонда Алланың Елшісі (с.ғ.у): «Біреулерің келіп көктегі хабар жайында сұрап жатыр. Тырнағы кірге толы, құстың тырнағы сияқты өсіріп алыпты», – деп ескерту жасаған»[5].
Тырнақ алу әдебі бойынша, әуелі оң қолдың сұқ саусағынан бастап, ретімен ортаңғы, аты жоқ[6] және шынашақ, ең соңында басбармағының тырнағы алынады. Сол қолы шынашағынан бастап, ретімен басбармағының тырнағымен алумен аяқталады.
Аяқ тырнақтарын оң аяғының кішкентай башпайынан бастап, ретімен алады. Ал, сол аяғының тырнағын, керісінше, үлкен башпайынан бастап, кішкентай башпайынан аяқтайды[7].
Ескерте кетерлік бір жайт, тырнақты тәуліктің кез келген ыңғайлы уақытында алуға болады. Кейбір қандастарымызды ң айтып жүргеніндей «түнде тырнақ алуға болмайды» деген тыйым шариғатта жоқ.
[1]Тухфатуль Әхуизи (Тирмизи шархы) – 2759 хадис түсіндірмесі. (Мүрсәл хадис)
[2]Али әл-Қари, Мирқатуль Масабих, Китабуль Либәс: «Бәбу әт-тәражжүл», №4422-хадис түсіндірмесі. (қаншалықты дұрыс екендігі жайында мәліметім жоқ)
[3]Ибн Ғабидин, Раддул Мухтар – 9/582-583 бет.
[4]Тирмизи , Китабуль Әдәб, №2559-хадис.
[5]Әл-Бәйһақи, әс-Сүнәнуль Кубра, Китабут Таһара – №773-хадис.
[6]Қол саласындағы төртінші саусақтың аты. Қазақ тілінің әмбебап сөздігі.
[7]Фәтәуәль Һиндия – 5/437 бет.
Дәйек алу
 
 
+2 #6 Bakyt 31.07.2015 06:03
Дәйек сөз:
Cәлеметсізбе. Менің сұрағым мынадай: Күн астында жылыған суға дәрет алуға бола ма?
Жауап:
Сәлеметсіз бе... Темір, мыс, қола және жез сияқты климаты ыстық елдерде күннің астында тұрып ысыған сумен дәрет не ғұсыл алу мәкруһ. Өйткені Айша анамыз (р.а) бір күні Пайғамбарымызға күннің астында тұрып ысыған суды әкеліп берген кезде, Алла елшісі (с.ғ.с):
"Әй, Хумайра, бұлай жасама, өйткені ол алапес ауруына ұшыратады", - деген болатын.
Фиқһ ғалымдары бұл мәселеге байланысты былай дейді: темір ыдыста ыстық климатты елдерде күннің астында ысытылған суда күн сәулесінің әсерінен темір ыдыстарын кішігірім бөлшектер бөлініп шығып, суға араласады. Мұндай су қан айналымының қалыпты жұмысына кері әсерін тигізіп, адамды ауруға шалдырықтыруы мүмкін.
Күннің астында тұрған ыдыстың аузының ашық немесе жабық болуы маңызды емес. Екеуі де мәкруһ, бірақ аузы ашық тұрғанның мәкруһтігі басымырақ.
Дәйек алу
 
 
+1 #5 Айдос 30.07.2015 06:01
Дәйек сөз:
Ассалламу алейкум... Ислам діні әйелді ардақтаған ба?
Жауап:
Уалейкум ассалам. Исламның ақиқат жолдау арқылы надандықтың пердесі сыпырылып, әйел заты мейірім-рахымны ң самал лебін сезді, өрлеу кезеңін бастады. Әлемдерге рахым ретінде жіберілген адамзат тарихындағы ең соңғы елші-пайғамбар әйелдің адамдар арасындағы рөлі мен міндетін белгілеп, мәртебесін биіктетіп берді. Әйел заты мейірімділікке тұнған мұсылман қоғамында ардақты ана, адал жұбай, жанашыр апа-қарындас, мейірімді қыз ретінде сипатталды. Тек Ислам дінінде ғана әйел баласы бұрын-соңды жетпеген биік дәрежеге, шыңына жетті. Өзінің табиғаты мен жаратылысына тән теңдік пен бостандыққа қол жеткізді. Осылайша әйел хұқығының қалпына келтірілуі арқылы жалпы адамзаттың қадір-қасиеті де арта түсті.
Әйелдің сондай ардақты тұлғаға айналуы үшін Ислам діні уахиға негізделінген жол-жоспары мен бағыт-бағдарын айқындады. Сосын сол бағдарды әрбір адамға міндетті іске айналдырды. Аталған бағыт-бағдардың жолдары төмендегідей.
Қиянатқа тыйым.
Басқа өркениеттерде әйелге лас мақұлық ретінде қарап, енді бірінде жұмаққа лайықты рухы бар адамзат санатына кіретіндігіне күмәнмен қарап жатқан заманда араб халықтарының дәстүрлерінде әйелдің халі одан да мүшкіл болатын. Араб әдет-ғұрыптарын да ер баланың орны ерекше есептеліп, ал қыз бала қор саналатын. Олар отбасының ризық-несібесін табуда ер бала ерекше күшке, ал қыз бала, керісінше әлсіз – ер бала тайпасын қорғайды, ал қыз бала ондай емес, сондықтан да әйел затының құны жоқ деп ұғынатын. Сондай-ақ, ұл баланы ұрпақтың жалғасы болғандықтан да қыз баладан қасиетті деп дәріптейтін. Қызды «жат жұрттық, өзгенің жұбайы» деп түсінетін олар әйел баласын қорлықтың көрініс деп есептейтін. Егер жұбайы қыз туса, оны нағыз қорлықтың, масқаралықтың нышаны деген нанымда болды. Сондықтан да қызды болған арабтың алдында екі таңдаудың бірі тұрды. Не оны бағып-қағып басқаларға масқара болып өмір сүру керек, не оны тірідей топыраққа көміп, ондай масқарадан біржола құтылу керек. Исламға дейінгі надандық дәуіріндегі арабтар арасындағы үстемдік құрған діни наным осындай болатын. Құран Кәрімнің нәзіл болуымен ондай сорақы салттарға тыйым салынып, бұған дейін теперіш көріп келген әйел затының айы оңынан туып, жаңа дәуірі басталды.
Дәйек алу
 

Пікір үстеу


Қауіпсіздік коды
Жаңарту