Басып шығару

ҚОБДА АУДАНЫНДАҒЫ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ

вкл. .


«Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жобасы» аясында облыстық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері - Н. Сәрсенбаев, С. Ұлқабай, Қ.Дәрменов Қобда ауданы Жиренқопа ауылының тұрғындарымен кездесті.

Дінтану пәнінің мұғалімі М.Байбатыров пен «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теолог маманы Ж. Мирмановтың қатысуымен Қобда ауданы қазақ орта мектебінде дінтану пәнінің оқытушыларымен кездесу ұйымдастырылып, пән мұғалімдері арасында түйткілді мәселелер талқыланды.

 Білтабанов ауылының тұрғындармен Н.Сәрсенбаев,  С.Ұлқабай және зиялы қауым өкілдері жүздесіп, дін мен дәстүрдің сабақтастығы, ислам тарихы мен қазақ мәдениетінің байланысы жайында сөз қозғады.

Сонымен қатар Ж. Мирманов, Д. Ахметов аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен кездесіп, деструктивті діни ағым ұстанушыларының ерекшеліктері жайында баяндап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.






Пікір үстеу


Қауіпсіздік коды
Жаңарту