Басып шығару

ЖАТ АҒЫМНАН САҚ БОЛ, ЖАС ДОС!

вкл. .


Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-нің жоғары колледжінің студенттерінің қатысуымен «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық және діни экстремизмнің алдын-алу» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шараға «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Нұрсұлтан Жаншин арнайы қонақ ретінде шақырылды. Кездесу барысында «Аңсар» орталығы дайындаған "Адасқанның алды жөн, арты соқпақ" бейнеролигі көрсетіліп, жастар үлкен әсер алды. Аталған роликте лаңкестік әрекетіне  қатысып, өмір бойына бас бостандығынан айрылған адамдардың жастарға бейнеөтініші көрсетілген болатын. Нұрсұлтан Берікұлы студент жастарға бос уақыт, ата-ана және тәуелсіздіктің қадірін білу керектігін ескертті. Жастар да өз пікірлерімен бөлісіп, сауалдарына жауап алды.

Пікір үстеу


Қауіпсіздік коды
Жаңарту