Басып шығару

«АСЫЛ АРНА» МАМАНДАРЫ АҚТӨБЕДЕ

вкл. .


"Асыл арна" телеарнасының бас продюсері - Ерлан Әбдірұлы, бас продюсердің орынбасары - Қадыржан Құлманов және телеоператоры - Әділет Раxметолла «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының жұмысымен танысты.

  2007 жылдан бері телевизия саласында қызмет етіп келе жатқан телеарнаның мамандары «Аңсар» діни-танымдық бағдарламасы түсірілетін студияда болды.

«Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы - Нұрсұлтан Жаншин Алматыдан келген қонақтарға орталықтың жұмыстарын таныстырып, «Қара жол» фильмі мен «Үлкен сұрақ» спектаклінің дискілерін сыйға тартты.

"Асыл арна" телеарнасының бас продюсері - Ерлан Әбдірұлы медиа саласына қатысты тәжірибелерімен бөлісіп, алдағы уақытта бірлесе жұмыс істеуді ұсынды.