Басып шығару

ҚАЛА МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ КЕЗДЕСУЛЕР

вкл. .


Ақтөбе қаласының білім бөлімі, Жастар ресурстық орталығы және «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы бірлесе отырып қаладағы жалпы білім беру ұйымдарында экстремизм мен терроризм және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында мектеп оқушыларымен кездесуде.

Жоспарға сәйкес теолог-маман Нұрбол Панаев №10, 12, 13 және 71 мектепте оқушылармен жүздесіп, жат ағымнан сақтану жолдары, қазақы құндылықтарды дәріптеу тақырыбында дәріс оқыды. Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, қоғамдағы діни ахуал жайында түсіндірді.

 Сонымен қатар оқушыларға «Білімдіге дүние жарық» бейнеролигі көрсетіліп, бүктемелер таратылды.



Пікір үстеу


Қауіпсіздік коды
Жаңарту