Басып шығару

ОҚУШЫЛАРМЕН СҰХБАТ

вкл. .


Ақтөбе қалалық білім бөлімінің бекітуімен қаламыздағы жалпы білім беру ұйымдарында ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Мақсат – діни экстремизм мен терроризмнің және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу. Осыған орай «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы мен облыстық жастар ресурстық орталығының мамандары бірлесе отырып жастармен сұхбат құрды. Атап айтсақ, «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теолог-маманы Нұрбол Панаев №55, 50, 46, 45, 49, 63, 64, 34 жалпы білім беретін орта мектептердің оқушыларымен жүздесті. Кездесу барысында Н.Панаев «Жас санасын теріс ағымнан сақтандыру», «Діни радикалимзнің алдын алу» тақырыптарында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу соңында оқушылар теолог-маманның жанына жиналып, жеке сауалдарын қойды. Мектеп оқушыларын еліміздегі діни ахуал мен дін мәселелері жөнінде ақпараттандыру мақсатында атқарылып жатқан бұл шаралар әлі де жалғасуда.




Пікір үстеу


Қауіпсіздік коды
Жаңарту