Басып шығару

АҚТӨБЕЛІКТЕР МИНИСТРЛІКТІҢ АЛҒЫС ХАТЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

вкл. .


«Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Нұрсұлтан Жаншин бастаған топ Астана қаласында өткен Қазақстан дінтанушыларының VIII форумына қатысты. Форум қазақстандық қоғамның рухани қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі тәжірибелер тақырыбына арналды. Бұл істе білікті дінтанушы  мамандардың рөлі ерекше. Аталмыш форумда облысымыздағы діни ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз етуге белсенді жұмыс жасағаны үшін Алға аудандық дін мәселелері және қоғаммен байланыс орталығының директоры Разақов Нұрмұхаммед Шәмшіұлы мен Ақтөбе орта мектебінің дінтану пәнінің мұғалімі Жұбанышев Әли Тыныштықұлы Қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық келісім комитетінің төрағасы Қ. Джанахановтың алғыс хатымен марапатталды.


Пікір үстеу


Қауіпсіздік коды
Жаңарту