Басып шығару

ХРОМТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ

вкл. .


Облыстық дін мәселелері жөніндегі ақпараттық түсіндіру тобы Хромтау ауданында кең көлемді түсіндіру жұмыстарын бастады. Топ мүшелері - «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Нұрсұлтан Жаншин, «Нұр Ғасыр» мешітінің найб имамы Мәди Орынбай және Ақтөбе қалалық орталық мешітінің найб имамы Алтынбек Хұсайновтың қатысуымен кездесулер ұйымдастырылды. Атап айтсақ, мамандар Көктау, Көктөбе ауылдарының тұрғындары, «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС-нің қызметкерлері, «Қазақтелеком» АҚ филиалының ұжымымен және Хромтау тау-кен теxникалық колледжінің оқытушыларымен жүздесті. Сонымен қатар аудандық «Нұр» мешіті мен Бөгетсай ауылының «Ақ нұр» мешітінің жамағатымен кездесулер өтті. Мақсат – терроризм мен экстремизмнің алдын алу, жат ағымға қарсы иммунитет қалыптастыру. Халыққа еліміздегі діни ахуалды түсіндіре отырып, оның тұрақтылығын сақтау үшін сыртқы күштердің ықпалынан сақтандыру.








Пікір үстеу


Қауіпсіздік коды
Жаңарту