Қазақстандағы ислам мәдениеті туралы конференция өтеді

вкл. .

Ертең Астанада «Ислам мәдениетінің өркендеуіне Қазақстанның қосқан үлесі» тақырыбында халықаралық ғылыми конференция өтеді.

Аталмыш шара Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының ұйымдастыруымен Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы жанындағы Ислам тарихы, өнері мен мәдениетін зерттеу орталығы (IRCICA) және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен бірлесе өткізіледі.

 

Конференцияны Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы жүргізеді.

Шараға қатысушылар:

ҚР БҒМ Ғылым комитеті Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, филол. ғ.д., шығыстанушы Дербісәлі Әбсаттар Бағысбайұлы,

IRCICA ұйымының Орталық Азия бойынша сарапшысы, тарих ғ.д. Мүминов Әшірбек Құрбанұлы,

ҚР ДІАҚМ ДІК Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры, филол. ғ. к. Әбдірәсілқызы Айнұр,

Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры, философия және теология ғ.д., ясауитанушы Кенжетай Досай Тұрсынбайұлы,

ҚазҰУ ТҮРКСОЙ кафедрасының меңгерушісі, филол. ғ.к., доц. Қыдыр Төрәлі Еділбайұлы.

Конференцияның тақырыптық бағыттары:

— қазақ даласынан шыққан ислам ғұламалары мұраларын қазіргі діни таныммен байланыста зерделеу мәселелері;

— Орта Азиядағы мен Қазақстандағы ханафи мазхабы ілімі мен тәжірибесі және оның қазіргі дінтанулық білім жүйесіндегі маңызы;

— қазақ ойшылдарының түркі-ислам өркениетіндегі орны;

— исламдық таным аясында туындаған мәдени ескерткіштердің қазақ руханиятындағы маңызы;

— Қазақстандағы ислам сәулет өнері ескерткіштерінің безендірілу ерекшеліктері;

— ислам мәдениетінің қазақ саз өнеріне ықпалы;

— қазақ даласындағы хұснихат өнерінің тарихи дәуірлердегі және қазіргі кезеңдегі даму ерекшеліктері.

Конференция «Әзірет Сұлтан» мешітінің мәжіліс залында қазақ, орыс, түрік және ағылшын тілдерінде өтпек.

Пікір үстеу


Қауіпсіздік коды
Жаңарту