Мемлекет басшысы ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне барды

вкл. .

Қарсы алу рәсімінен соң Нұрсұлтан Назарбаев Абу-Дабидің тақ мұрагері, Біріккен Араб Әмірліктері Қарулы күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысының орынбасары, шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянмен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді.

Қазақстан Президенті қонақжайлық көрсеткені үшін Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянға ризашылық білдірді.

ҚАЗАҚСТАНҒА ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ДІНИ КІТАП ӘКЕЛГЕН ШЕТЕЛ АЗАМАТЫНА АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

вкл. .

Жамбыл облысы соты діни тыйым салынған кітап әкелгені анықталған Қырғызстан азаматына қатысты істі қарады.

Әкімшілік іс көтерілген Қордай аудандық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, қырғыз азаматы «Мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, ҚР тұтастығын бұзу, конституциялық құрылымын күштеп өзгертуге үгіттейтін немесе насихаттауға бағытталған материалдары мен мәліметтері бар өнімдерді тарату, тасымалдау, сақтау, алып келу, дайындау» атты 453 бабы бойынша сот алдында жауапқа тартылды. Белгілі болғандай, шекара қызметкерлері тыйым салынған кітапты 8 наурыз күні «Қордай» өткізу бекетінде тәркілеген.

Еуропарламент Сириядағы соғысты тоқтатуға шақырды

вкл. .

Еуропарламент төрағасы Антонио Таяни Сириядағы қарулы-қақтығысты ұзақ мерзімге тоқтатуға шақырды, деп хабарлайды 24.kz. Осы орайда Таяни бүкіл Еуропарламент атынан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің резолюциясын дереу жүзеге асыру керектігін мәлімдеді. «Сириядағы кінәсіз адамдардың өлімі мен халыққа жасалып жатқан айуандықты ешқандай сылтаулар ақтай алмайды. Мен Еуропарламент атынан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің резолюциясын дереу жүзеге асыруға шақырамын. Сириядағы атысты шұғыл тоқтату қажет.

ТОҚАЕВ ИНДОНЕЗИЯ ПРЕЗИДЕНТІНЕ ДІН КӨШБАСШЫЛАРЫ СЪЕЗІНЕ ШАҚЫРУДЫ ТАБЫС ЕТТІ

вкл. .

Индонезияда сапарда жүрген Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар екіжақты кездесу өткізді. Бұл туралы ҚР Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ШАРАЛАРҒА 270 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНЕДІ

вкл. .

Үкіметтің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бойынша Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Төраға орынбасары Нұрғали Білісбеков есеп берді, деп хабарлайды Kazislam.kz порталының тілшісі Асхат Ахмедияр.