Политолог Ерлан Саиров: Детям надо учиться, а не быть источником разногласий

- Недавно Министерство образования и науки приняло решение о введении единой формы одежды для всех школьников Казахстана. Как вы это расцениваете?
 
- Я давно ждал такого решения и вот почему.
 
Во-первых, многие решения государства в сфере образования принимаются на основе интересов всего общества. Следовательно, данная проблема была серьезно изучена Министерством образования и науки, после которого была принята четкая позиция государства. Это радует.

МЫРЗАТАЙ ЖОЛДАСБЕКОВ: ДІН КӨРІНГЕННІҢ ҚОЛЖАУЛЫҒЫНА АЙНАЛМАУЫ КЕРЕК

Биылғы жылдың үлкен датасы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Бұл мерейтойдың еліміз үшін мәні мен маңызы ерекше. Осы орайда Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуында өзіндік үлесін қосқан көрнекті ғалым, танымал қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбековпен елдегі діни ахуал және ислам дінінің бүгіні туралы әңгімелескен едік.

Жұмақ іздеп желікпе, туған жерің барында

Күн сайын құбылып тұрған бүгінгі дүниенің ахуалы адамзатты түрлі сынақ­тарға салып және де сол адамзат баласының басына түрлі қауіп пен қатерін де төндіріп тұр. Ақылы мен парасаты бар және де ғылымы мен техникасы сәт сайын жетілдіріліп жатқан дүние ғаламының адамы әлі де соғыс пен түрлі қарулы қақтығыстардан көз аша алмай келе жатқандығы, әрине, өкінішті-ақ. Келісе алмай, керісіп жатқан бүгінгі дүниенің бейбіт тыныштығы қашан орнар екен деген алаң көңілдің орнына түсер күні туар ма екен?!

Алау ӘДІЛБАЕВ: «Баба салты ата дінмен сабақтас»

Қазақтың ертеден келе жатқан асыл құндылықтары – салт-дәстүрі. Десек те, қит етсе, әрбір дәстүрімізді "харамға" балап, қазақтың тыныс-тіршілігімен біте қайнасып келе жатқан рухани байлығымыздан ажырау мүмкін бе? Дінді келте түсінген кейбір діндарлардың қоғамда мұндай пікір туғызудағы мақсаты не?  Жалпы,  исламдағы шірік ұғымы және көпшіліктің көкейінде жүрген сауалдар төңірегінде теология ғылымының докторы, доцент Алау Әділбаевпен сұхбаттасқан едік.

«Жиһадқа» жанаспайтын «сайтан тірлік» (Сирияға сараптама)

Түрлі бұқаралық ақпарат құралдарының жарыса-жанталаса жазуының арқасында ИШИМ туралы естімеген адам кемде-кем шығар. Бүкіл әлем жұртшылығының назары сонда десек қателесе қоймаймыз. Шын мәнінде Сирия мен Иракта орын алып отырған күрделі жағдай түрлі мәселелерге жол ашып, көптеген елдердің ақпарат кеңістігіндегі қақтығыс алаңына айналды. Бұл құбылысқа әр ел өз мүддесі тұрғысынан баға бере отырып, кінәліні іздеуде. Бірілері алпауыт АҚШ, Батыс Европа елдері мен Израильді кінәласа, өз кезегінде олар сол елдердің режимдері мен қатар Ресей өкіметін кінәлап бағуда. Ал Иран өкіметі мен шииттік режимді жақтаушылар Сауд Арабиясы, Қатар, Түркия секілді мұсылман елдерін тікелей жауапкер ретінде қарауда. Мәселенің саяси астарларына қатысты тым көп жазылғандықтан, оның егжей-тегжейін саяи сарапшыларға қалдыра отырып, бұл мәселеге біз діни тұрғыдан ғана баға беруге тырысып көрейік.