Басып шығару

ХРОМТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ

вкл. .


Облыстық дін мәселелері жөніндегі ақпараттық түсіндіру тобы Хромтау ауданында кең көлемді түсіндіру жұмыстарын бастады. Топ мүшелері - «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Нұрсұлтан Жаншин, «Нұр Ғасыр» мешітінің найб имамы Мәди Орынбай және Ақтөбе қалалық орталық мешітінің найб имамы Алтынбек Хұсайновтың қатысуымен кездесулер ұйымдастырылды. Атап айтсақ, мамандар Көктау, Көктөбе ауылдарының тұрғындары, «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС-нің қызметкерлері, «Қазақтелеком» АҚ филиалының ұжымымен және Хромтау тау-кен теxникалық колледжінің оқытушыларымен жүздесті. Сонымен қатар аудандық «Нұр» мешіті мен Бөгетсай ауылының «Ақ нұр» мешітінің жамағатымен кездесулер өтті. Мақсат – терроризм мен экстремизмнің алдын алу, жат ағымға қарсы иммунитет қалыптастыру. Халыққа еліміздегі діни ахуалды түсіндіре отырып, оның тұрақтылығын сақтау үшін сыртқы күштердің ықпалынан сақтандыру.
Басып шығару

АҚТӨБЕЛІКТЕР МИНИСТРЛІКТІҢ АЛҒЫС ХАТЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

вкл. .


«Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Нұрсұлтан Жаншин бастаған топ Астана қаласында өткен Қазақстан дінтанушыларының VIII форумына қатысты. Форум қазақстандық қоғамның рухани қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі тәжірибелер тақырыбына арналды. Бұл істе білікті дінтанушы  мамандардың рөлі ерекше. Аталмыш форумда облысымыздағы діни ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз етуге белсенді жұмыс жасағаны үшін Алға аудандық дін мәселелері және қоғаммен байланыс орталығының директоры Разақов Нұрмұхаммед Шәмшіұлы мен Ақтөбе орта мектебінің дінтану пәнінің мұғалімі Жұбанышев Әли Тыныштықұлы Қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық келісім комитетінің төрағасы Қ. Джанахановтың алғыс хатымен марапатталды.
Басып шығару

"ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ"

вкл. .


Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласы "Рухани жаңғыру" бағдарламасының жалғасы болып саналады. Жаһандану заманында қазақтығымызды сақтап қалу - ұлт міндеті. Сол себепті тарихымызды білу, оны өскелең ұрпаққа жеткізу әр қазаққа жүктеледі. Пайғамбарымыз (с.а.с.): "Әр әке ұлына атқа міну, садақ ату, жүзуді үйретсін"- деп өсиет еткен болатын. Аттың жалында ойнақтаған қазақтың өзін жылқы тектес деп бекер айтпаса керек. Елбасымыз да ұлы даланың басты қырының бірі - атқа міну дейді. Бұл да - біздің ұлттық өнеріміздің бірі. Осы және өзге де қырымыз ұлтымызды басқалардан ерекшелеп тұрады.
Басып шығару

ОҚУШЫЛАРМЕН СҰХБАТ

вкл. .


Ақтөбе қалалық білім бөлімінің бекітуімен қаламыздағы жалпы білім беру ұйымдарында ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Мақсат – діни экстремизм мен терроризмнің және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу.
Басып шығару

ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ

вкл. .


«Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теолог-маманы Жандос Мирманов Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ-нің Жоғары колледжі студенттерімен жүздесті. Шара барысында теолог жастарды жат ағымнан сақтандыру мақсатында теріс діни көзқарасты насихаттаушылардың белгілері мен ерекшеліктерін түсіндірді. Сонымен қатар №24 лингвистикалық мектеп-гимназиясында өткенде кездесуде Ж. Мирманов дәстүрлі дін мен қазақы ғұрыптардың байланысы жөнінде сөз етті. Жастар тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріп, ақпараттық жадынамалар таратты.