«АСЫЛ АРНА» МАМАНДАРЫ АҚТӨБЕДЕ
"Асыл арна" телеарнасының бас продюсері - Ерлан Әбдірұлы, бас продюсердің орынбасары - Қадыржан Құлманов және телеоператоры - Әділет Раxметолла «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының жұмысымен танысты.
"Асыл арна" телеарнасының бас продюсері - Ерлан Әбдірұлы, бас продюсердің орынбасары - Қадыржан Құлманов және телеоператоры - Әділет Раxметолла «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының жұмысымен танысты.
Облыстық АТТ мүшелерінің Қобда ауданындағы ақпараттық түсіндіру жұмыстары жалғасуда. «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының мамандары Сансызбай Ұлқабай мен Жандос Мирманов Талдысай орта мектебінде оқушылармен кездесті.
Сонымен қатар Әлия Молдағұлова атындағы орта мектепте "Кәмілетке толмағандарды тәрбиелеуде міндеттердің орындалмауы" тақырыбында ата-аналар жиналысын өткізді. Кездесу барысында мамандар діни білім алу және діни ақпараттарды әлеуметтік желілер арқылы таратуда сақ болуды ескертті.
«Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жобасы» аясында облыстық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері - Н. Сәрсенбаев, С. Ұлқабай, Қ.Дәрменов Қобда ауданы Жиренқопа ауылының тұрғындарымен кездесті.
Дінтану пәнінің мұғалімі М.Байбатыров пен «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теолог маманы Ж. Мирмановтың қатысуымен Қобда ауданы қазақ орта мектебінде дінтану пәнінің оқытушыларымен кездесу ұйымдастырылып, пән мұғалімдері арасында түйткілді мәселелер талқыланды.