Басып шығару

ТЕОЛОГ-МАМАН МҰҒАЛЖАР АУЫЛЫНДА

вкл. .

"Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жобасы" аясында облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Нұрбол Аханұлы Мұғалжар ауылының тұрғындарымен жүздесті. Дін мен қоғамның байланысы жайында сөз қозғалып,  тұрғындар түйткілді мәселелерге қатысты пікірлерін білдірді. Арада ашық сұхбат құрылып, теолог-маман тұрғындардың сауалдарына жауап берді.
Басып шығару

ЕМБІ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫМЕН КЕЗДЕСУ

вкл. .


"Аңсар" ақпараттық талдау орталығының мамандары Раушан Мералы мен Эльмира Әділханова Ембі қалалық "Нұр" мешітінде әйел жамағатымен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан Республикасындағы тыйым салынған ағымдар жайында дәріс оқылып, психологиялық тренинг жүргізілді. Әйел адамның психологиялық ерекшеліктері мен қабілеттерін анықтау арқылы қатысушылардың жеке сұрақтарына жауап берілді.
Басып шығару

ЖАМАҒАТПЕН СҰХБАТ КЕШКІ АС ҮСТІНДЕ ЖАЛҒАСТЫ

вкл. .


Қала әкімі Ілияс Испановтың бекіткен іс-шараларына сәйкес жергілікті жамағаттармен кешкі ас ұйымдастырылды. Шараға Алматыдан арнайы семинарға шақыртылған теолог-маман Асқар Сабдин, қалалық орталық мешітінің бас имамы Амантай Садиев, облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Нұрлыбек Шәкизадаұлы және «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының қызметкерлері қатысып, дастархан басында жамағатпен ашық сұхбат құрды. Уағыз-насихат айтып, сауалдарға жауап берді.
P.S. «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы еркін сұхбат алаңын құру мақсатында жергілікті жамағатпен алдағы уақытта да осындай бас қосулар ұйымдастыруды дәстүрге айналдырмақ.
Басып шығару

Сенбілік

вкл. .


"Аңсар" ақпараттық талдау орталығының қызметкерлері Батыс-2 ауданында тазалық жұмыстарын жүргізді. Кезекті сенбілік кезінде орталыққа бекітілген аумақ тазартылып, алты пакет қоқыс шығарылды.