"Зайырлы қоғам құндылықтары"

Қазақ-Орыс халықаралық университетінде "Нұр Ғасыр" мешітінің бас имамы Төле би Оспан мен "Аңсар" ақпараттық-талдау орталығының басшысы Нұрсұлтан Жаншиннің қатысуымен "Зайырлы қоғам құндылықтары" тақырыбында жастармен кездесу өтті. Студент жастар қоғамдағы болып жатқан жағдайлар жайында өз пікірлерімен бөлісіп, теолог-мамандар тарапынан дінге қатысты дұрыс, сүзгіден өткен мәліметтерді қандай ресми дерек көздерінен алу керектігін анықтай түсті.