Мешіт жамағаты футбол ойнады



Бүгін қала мешіттерінің жамағаты арасында футболдан турнир өтті. Үлкен стадиондарда ойын көрсетіп, чемпионаттарда топ жарып жүрмесе де жасыл алаңда доп тебу көбісінің ермегі. Салауатты өмір салтын ұстанушылар Ақтөбедегі діни тұрақтылықты та қолдайды. Қала мешіттерінің жамағаты арасында футболдан турнир "Қоныс" спорт сарайында өтті. Шаһардағы 8 мешіттің командалары жиналды. 60-қа жуық қатысушы бар. Турнирдің ашылуына қала әкімінің орынбасары Ұшқын Мыңбаев пен облыстық "Нұр Ғасыр" орталық мешітінің бас имамы Төлеби Оспан қатысты. Футболға қатысушылардың дені - жастар. Әр командада мешіт қызметкерлерінен тек 1 адам ғана бар. Қалғандары Алла үйіндегі уағыздардан қалмайтын, намаздарға қатысатын жамағат. Спорттық шараны "Аңсар" ақпараттық-талдау орталығы ұйымдастырды. Жүлде қоры 400 мың теңге. Жеңімпаз командаға ақшалай сыйлықтан бөлек арнайы кубок табысталды.

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить