Печать

"ДІНСІЗ ТӘРБИЕ - ТАМЫРСЫЗ КӨШЕТ"

вкл. .


Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандырылған мектеп-интернат-колледжінде дінтану пәнінің мұғалімі Оразбаева Анар Әбубәкірқызының ұйымдастыруымен "Дінсіз тәрбие - тамырсыз көшет" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараға қонақ ретінде шақырылған "Аңсар" ақпараттық талдау орталығының теолог маманы Жандос Мирманов ислам дінінің атын жамылған жат діни ағымдардың қоғамға тигізер зияны жайында түсіндірді. Жастарға дұрыс діни ақпарат беріліп, ақпараттық жадынамалар таратылды.
Печать

«ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ» ЕРІКТІЛЕРІ АҢСАРДА

вкл. .


Облысымыздағы қайырымдылық шараларын ұйымдастыруда ерекше белсенділік танытып жүрген «Жүректен жүрекке» еріктілер тобы «Аңсар» ақпараттық талдау орталығында бас қосты. «Қыз өссе – елдің көркі» атты дөңгелек үстелде аталмыш топтың арулары жиналды. Жиын барысында «Үш таған» журналының бас редакторы Жаншаева Бақыт Құрманқызы қазақы ұлттық құндылықтар мен қыз бала әдебі жайында баян етсе, «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының маманы Эльмира Қайырғалиқызы дін мен дәстүрдің сабақтастығы, қыз бала психологиясының даму сатылары жөнінде түсіндірді. Кездесу соңында қатысушылар да өз тараптарынан ұсыныстарымен бөлісіп, бұндай бас қосуды дәстүрлі түрде өткізіп тұруға ниет білдірді.
Печать

ДІН ЖӘНЕ ЗАҢ

вкл. .


Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ Экономика және құқық факультетінде «Құқықтану» мамандығының 203, 307, 405 топ кураторлары А.К. Курманова, Б.Т. Тлеулесованың
ұйымдастыруымен «Діни тәрбиенің рухани тірегі» атты дөңгелек үстел өтті. Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, білім алушыларды діни дұрыс ақпараттандыру мақсатында «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының басшысы Жаншин Нұрсұлтан Берікұлы болашақ заңгерлермен сұхбаттасып, діни бірлестіктер жайлы, дін мәселелеріне қатысты заң бұзушылық фактілері туралы түсіндірді. Кездесу барысында жастар көкейіндегі жүрген сұрақтарын қойып, пікірлесіп, толық мәлімет алды.
Печать

ОҚУШЫЛАР ДА ӨЗ ПІКІРЛЕРІМЕН БӨЛІСТІ

вкл. .


Ақтөбе қалалық білім бөлімінің бастамасымен «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы мен Жастар ресурстық орталығының мамандары бірлесе отырып, қала мектептерінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Атап айтсақ, Елек орта мектебі, Благодар мектебі мен Бекқұл баба негізгі мектебінде кездесулер ұйымдастырылды. «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теолог маманы Нұрбол Панаев дәстүрлі емес діни ағымдардың зардабы және діни терроризмнің алдын алу тақырыптарында баяндама оқыды. Жиын барысында оқушылар да дін мәселелеріне қатысты пікірлерімен бөлісіп, көкейдегі сауалдарына жауап алды.
Печать

ТҮСІНДІРУ ТОБЫ МҰҒАЛЖАР АУДАНЫНДА

вкл. .


Облыстық ақпараттық түсіндіру тобы Мұғалжар ауданында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. "Аңсар" ақпараттық талдау орталығының мамандары Р. Мералы мен Э. Әділханова аудандық "Нұр" мешітінде әйел жамағатымен және Өндірістік-экономикалық колледжінің студенттерімен кездесті. Кездесулер кезінде қыз бала тәрбиесі, әйел психологиясының ерекшеліктері жайында түсіндіріліп, дін мәселелеріне қатысты маңызды тақырыптар талқыланды. Сонымен қатар АТТ мүшелері, теолог мамандар - Т. Талдыбаев пен А. Темірханов тұрғындармен, бірқатар мекеме қызметкерлерімен кездесіп, мешітте намазға жиналған жамағатқа уағыз-насихат айтты.