Печать

ТЕМІР АУДАНЫНДАҒЫ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ

вкл. .


Облыс басшысы Б. Сапарбаевтың тапсырмасына сәйкес «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жобасы» аясында облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының жұмыстары Темір ауданында жалғасты.

Кеңкияқ  орта мектебінде «Жас санасын улаған теріс ағым» тақырыбында ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды. Жиында «Ақтөбе облыстық дін істері басқармасы» ММ бас маманы Нұрпейіс Сәрсенбаев пен «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Нұрсұлтан Жаншин елімізде тыйым салынған жат ағымдардың белгілері және олардан сақтану жолдарын сөз етті.
Облыстық АТТ мүшелері А.И. Балпашев пен Н.Б. Жаншиннің қатысуымен Ж. Кереев атындағы орта мектепте «Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілікке тартылуы» атты дөңгелек үстел өтті. Шара барысында оқушылар өз пікірлерін білдіріп, мамандармен ашық сұхбат құрды.

Сонымен қатар аталмыш мектепте Балпашев А, Аманғосқызы Г., Жаншин Н. «Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуде міндеттердің орындалмауы» тақырыбында  ата-аналар жиналысын өткізді.

Темір ауданы Саркөл мешіті мен Шұбарқұдық гимназиясының ғимаратында әйел жамағатына арналған семинарлар өтті. «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теолог-маманы Мералы Р. «Деструктивті діни ағымдардың ерекшеліктері» тақырыбында дәріс оқып, психолог Әділханова Э. «Жеке тұлға психологиясы» атты психологиялық тренинг өткізді.








Добавить комментарий


Защитный код
Обновить