Печать

ТАЗА ҚАЛА ӨЗІМІЗДЕН БАСТАЛАДЫ!

вкл. .


Бүгін "Аңсар" ақпараттық талдау орталығының ұжымы сенбілікте тазалық жұмыстарын жүргізді. Белгіленген орын: Батыс-2 ауданындағы Ораз Татеұлы көшесінен бастап "Анаға тағзым" ғимаратына дейін. Қызметкерлер қоқыстарды жинап, осы көшенің бойында орналасқан су ағарды тазалады.
Печать

ТҮСІНДІРУ ТОБЫ МӘРТӨК АУДАНЫНДА

вкл. .


Облыстық дін мәселелері жөніндегі ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері - Ақтөбе облыстық дін істері басқармасының бас маманы Вороневич Ольга Александровна мен "Аңсар" ақпараттық талдау орталығының бөлім басшысы Жусупов Бауыржан Торғайұлы Мәртөк ауданында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Жайсаң көпсалалы колледжі Мәртөк филиалының студенттерімен кездесу барысында білікті мамандар колледж студенттеріне дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтану жолдарын толық түсіндіріп өтті.
Печать

ҚАРҒАЛЫ АУДАНЫНДАҒЫ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ

вкл. .


Облыс басшысы Б. Сапарбаевтың тапсырмасына сәйкес «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жобасы»  аясында жауапты мамандар Қарғалы ауданында да қарқынды жұмыс істеуде. Ақтөбе қалалық орталық мешітінің наиб имамы  Ш.Үмбетов, «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теолог-маманы Ж.Мирманов, Дін істері басқармасының бас маманы А.Хасен №1 және №2 Бадамша  орта мектебінде "Дін жəне дəстүр" тақырыбы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Оқушылар мен мұғалімдерге ұлттық құндылықтар және ислам мен салт-дәстүрдің сабақтастығы жайында дәріс оқылды.  Сонымен қатар мамандар ата-аналар жиналысына қатысып, бала тәрбиесі мен оларды жат ағымнан сақтандыру секілді өзекті мәселелерді талқылады. Ал полиция қызметкерлерімен кездесу барысында теріс діни көзқарасты ұстанушылардың айрықша белгілері мен ерекшеліктері жайында сөз етті.
Печать

ҚАЛА МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ

вкл. .


Ақтөбе қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен қаламыздағы жалпы білім беретін орта мектептерде жастарды теріс пиғылды орталардан сақтандыру мақсатында дін мәселелері жөнінде ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының маманы Нұрбол Панаев №29, 39, 38 және 40 орта мектептерде оқушылармен жүздесіп, ашық сұхбат құрды. Кездесу барысында теолог-маман жат ағымдардың белгілері мен ерекшеліктері жайында мағлұмат берді. Оқушылар тарапынан сұрақтар қойылып, бірқатар мәселелер талқыланды.
Печать

ӘЙТЕКЕ БИ АУДАНЫНДАҒЫ ІС-ШАРАЛАР

вкл. .


«Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жобасы» аясында «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы басшысының орынбасары әрі теолог Төлеген Талдыбаев Әйтеке би ауданында түрлі форматтағы іс-шараларға қатысты. Атап айтсақ, Әйтеке би көпсалалы колледжінің студенттеріне «Зайырлы қоғам құндылықтары» тақырыбында шеберлік сағатын өткізді. Əйтеке би аудандық темір жол станциясының қызметкерлеріне арнап «Теріс діни ағым зардаптары» туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар Комсомол ауылдық округіндегі дінтану пəнінің мұғалімдеріне шеберлік сағатын өткізіп, түйткілді мәселелерді ортаға салды. Пән мұғалімдері де сауалдарына жауап алды.