Печать

Дін мәселелері жөніндегі Республикалық топ Ақтөбе облысында түсіндіру жұмыстарын жүргізді

вкл. .


Ағымдық жылы 22-23 қазан аралығында Ақтөбе облысында жоспарға сәйкес жылына екінші рет Дін мәселелері жөніндегі Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының жұмысы ұйымдастырылды.

РАТТ жұмысы барысында орта мектеп білім алушылары мен мектеп мұғалімдері арасында зайырлылық қағидаттарының маңыздылығы мен радикалды діни ағымдардың зардабы туралы түсіндіруге баса назар аударылды. Осыған орай, іс-сапар барысында кездесулердің басым бөлігі оқушылар мен студенттер арасында жүргізілді. Сондай-ақ РАТТ мүшелері мектеп оқушыларының ата-аналары, қамқорлық қорларының өкілдерімен кездесті.

Печать

ТЕМІР АУДАНЫНДАҒЫ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ

вкл. .


Облыс басшысы Б. Сапарбаевтың тапсырмасына сәйкес «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жобасы» аясында облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының жұмыстары Темір ауданында жалғасты.

Кеңкияқ  орта мектебінде «Жас санасын улаған теріс ағым» тақырыбында ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды. Жиында «Ақтөбе облыстық дін істері басқармасы» ММ бас маманы Нұрпейіс Сәрсенбаев пен «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Нұрсұлтан Жаншин елімізде тыйым салынған жат ағымдардың белгілері және олардан сақтану жолдарын сөз етті.
Печать

ҚАНДЫАҒАШТА АУҚЫМДЫ ШАРАЛАР ӨТТІ

вкл. .

«Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жобасы» аясында облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері Мұғалжар ауданындағы жұмыстарын Қандыағаш қаласында жалғастырды. Атап айтсақ, Н. Сәрсенбаев, Н. Панаев және М. Байбатыров №4 және №5 жалпы білім беретін орта мектептің оқушыларымен, сонымен қатар Қандыағаш қалалық өнеркәсіптік және экономикалық колледжінің студенттерімен жүздесті. Кездесу барысында теолог-мамандар  Қазақстан Республикасында тыйым салынған жат ағымдар, олардың белгілері мен ерекшеліктеріне назар аудартты. Деструктивті діни ағымдардың жетегінде кетпеуі үшін діни мағлұматты тек қана рұқсат етілген ресми дереккөздерден алу қажет екенін ескертті.
Печать

"НҰРТАЙ" МЕШІТІНДЕГІ ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫМЕН КЕЗДЕСУ

вкл. .


"Аңсар" ақпараттық талдау орталығының мамандары - Мералы Раушан мен Әділханова Эльмира Мұғалжар аудандық "Нұртай" мешітінде қыз-келіншектермен жүздесті. Кездесу кезінде жат ағымдардың ерекшеліктері мен олардан сақтану жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар халықтық тәрбиенің негізі болған салт-дәстүрдің маңыздылығы жайында сөз болды.
Печать

ТЕМІРЖОЛ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН СҰХБАТ

вкл. .

Облыстық ақпараттық түсіндіру тобының Мұғалжар ауданындағы жұмысы жалғасуда. Жоспарға сәйкес теміржолшыларға "Діни сауатсыздық- экстремизмнің басы" тақырыбында теолог-мамандар  Нұрбол Панаев пен Нұрлыбек Күзенбаев дәріс оқыды. Мамандар діни білімнің негіздері жайында сөз қозғап, ғаламтордағы бейресми ақпараттардың зияны туралы түсіндірді. Сонымен қатар сұрақтарға жауап беріп, дін жайлы толғандырған мәселелерді мешіт имамдарынан және ҚМДБ ресми сайттарынан білуге болатынын ескертті.