Печать

"Зайырлы қоғам құндылықтары"

вкл. .


Қазақ-Орыс халықаралық университетінде "Нұр Ғасыр" мешітінің бас имамы Төле би Оспан мен "Аңсар" ақпараттық-талдау орталығының басшысы Нұрсұлтан Жаншиннің қатысуымен "Зайырлы қоғам құндылықтары" тақырыбында жастармен кездесу өтті. Студент жастар қоғамдағы болып жатқан жағдайлар жайында өз пікірлерімен бөлісіп, теолог-мамандар тарапынан дінге қатысты дұрыс, сүзгіден өткен мәліметтерді қандай ресми дерек көздерінен алу керектігін анықтай түсті.
Печать

"Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жобасы"

вкл. .


"Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жобасы" науқанында облыстық "Нұр-Ғасыр" мешітінің наиб имамы Нұрлыбек Күзенбаев пен "Аңсар" ақпараттық талдау орталығының басшысы Нұрсұлтан Жаншин Сазды орта мектебінің жоғары сынып оқушыларымен жүздесті. Шараға қатысқан 100-ге жуық оқушы дін мен қоғамның байланысы, ислам діні туралы дұрыс түсінік қалыптастыру жайында ақпарат алды.
Печать

"Дін және зайырлылық"

вкл. .


Ақтөбе музыкалық колледжінде "Дін және зайырлылық" тақырыбында студенттермен кездесу өтті. Шара барысында АТТ мүшелері - Абзал Иванұлы, Гүлмира Аманғосқызы, Майдан Қуанышұлы, Нұрбол Панаев, Асга Юнус ақпараттық-түсіндіру жұмыстарымен қатар шеберлік сағаттарын өткізді.
Печать

«ӘЛЬ-ЛАТИФ» КОМАНДАСЫ - ЧЕМПИОН

вкл. .


«Аңсар» ақпараттық талдау орталығы десант жоспарына сәйкес ұйымдастырған мешіт жамағаттары арасындағы шағын футбол турнирі өз мәресіне жетті. Сайыстың нәтижесінде «Әль-латиф» мешіті жамағатынан құралған команда оқ бойы озық шығып, Кубокты жеңіп алды. 2-орынға Қалалық орталық мешітінің жамағаты лайық деп танылса, «Қабақ баба» мешітінің командасы 3-орынға ие болды. Жеңімпаздарға арнайы диплом, медальдармен қатар сол мешітке арналған булы үтіктер сыйға тартылды.
Печать

"Дін және зайырлылық"

вкл. .


Облыс басшысының тапсырмасына сәйкес десант аясында Ақтөбе медициналық колледжінде "Дін және зайырлылық" тақырыбында студенттермен кездесу өтті. Спикерлер - Маңғыстаудан келген РАНТ мүшесі Асга Юнус және мамандар Нұрбол Панаев, Абзал Иванұлы, Гүлмира Аманғосқызы, Майдан Қуанышұлы 100-ге жуық студентке ғаламтор арқылы таралып жатқан ақпараттың бәріне бірдей сенуге болмайтынын, сол себепті дінге қатысты мәліметті елімізде ресми тіркелген сайттар мен кітаптардан алу қажеттігін ескертті.