Печать

1 ЖЕЛТОҚСАН – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІ

вкл. .


Құрметті оқырмандар!
Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймыз!
Айтулы күннің барша халқымыз үшін маңызы мен мазмұны ерекше екендігі сөзсіз.
Печать

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ

вкл. .

Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаменті мекемесінде өңірдегі мемлекеттік қызметкерлерге дін мәселелері жөнінде ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы, Талдау және мониторинг бөлімінің басшысы Бауыржан Жүсіпов жиынға қатысушыларға деструктивті діни ағымдардың белгілері мен ерекшеліктері жайында баяндама оқыды. Жат ағым ықпалынан сақтандыру жолдарын психологиялық тұрғыдан түсіндірді.
Печать

ОҚЫРМАНДАР ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ БІЛДІРУДЕ

вкл. .


«Аңсар» ақпараттық талдау орталығының инстаграм парақшасында «ДІН МЕН ДӘСТҮР» байқауы жарияланғаннан бері оқырмандар тарапынан көптеген  ұсыныстар түсіп, кері байланыс орнатылуда. Оқырмандар хатына жауап беріліп, нәтижесінде діни білім алуды қалайтын тұрғындар орталықтың теолог мамандарына келіп дәріс алып жүр. Сонымен қатар психологиялық кеңес алушылар да бар. Кейбір оқырмандарымыз дәстүр мен діннің сабақтастығын насихаттау мақсатында жастарға ұлттық тәрбие беруге арналған ойларымен бөлісіп, бірлесе жұмыс істеуді ұсынды. Ал кітап оқуды қалайтын оқырмандарға діни әдебиеттер тегін берілуде. Тұрақты оқырмандарымыздың бірі – Нұрбек есімді азамат қажет кітаптарын біздің орталықтан алып, ұжымның жұмысына ризашылығын білдірді.
Печать

ТЕОЛОГ КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

вкл. .


Ақтөбе автожол колледжінде информатика пәнінің оқытушысы Саденова Гүлдана Сарсенғалиқызының ұйымдастыруымен "Техник-механик" мамандығының 309У тобы студенттерімен "Дін тәрбиесінің рухани тірегі" атты іс-шара өтті. Шараға қонақ ретінде "Аңсар" ақпараттық талдау орталығының теолог маманы Мирманов Жандос қатысты. Жастармен кездесу барысында ислам дінінің мәртебесі, оған жабылған жалалар жайында талқыланып, жат ағымдардан сақтану жолдары баяндалды. Теолог студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, ашық сұхбат құрылды. Сонымен қатар ақпараттық жадынамалар таратылды.
Печать

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

вкл. .

Жастарды жат ағым ықпалынан сақтандыру мақсатында қала мектептерінде ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теолог маманы Нұрбол Панаев  № 54, 58, 59, 65 жалпы білім беретін орта мектептерде оқушылармен сұхбаттасты. «Діни сауатсыздық – экстремизмнің басы», «Дін мен дәстүрдің сабақтастығы» тақырыптарында дәріс оқып, дұрыс діни білім алмаған адамдар жат ағым жетегінде кетіп қалатыны жайында ескертті. Сол себепті діни мәліметтерді ресми сайттардан, елімізде рұқсат етілген діни әдебиеттерден немесе мешіттердегі сауат ашу курстарынан алу қажет. Оқушылар да өз сұрақтарын қойып, маңызды мәселелер жайында жан-жақты мәлімет алды.